Әбіләкімнің ауылы

Тамыз 3, 2011

Республикалық ән байқауы

Аса көрнекті ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Жыр жазамын жүрегімнен» атты республикалық ән конкурсының шарттары.

Конкурс Қарағанды қаласында 2011 жылғы қыркүйек айының 8-9 күндері өтеді. Конкурсқа қатысу үшін облыстық, қалалық мәдениет басқармалары, оқу орындары, концерттік ұйымдар дирекциясы мен көркемдік кеңестің ұсыныстары болу қажет.

(more…)

Шілде 21, 2011

Холодец

Filed under: Оқи салыңыз — Abilakim @ 5:56 am
Tags: , ,

Шілде 20, 2011

Теміртаудағы мектеп дауы

Filed under: Жаңалықтар — Abilakim @ 5:51 am
Tags: , ,

Теміртау қаласындағы екі мектептің төңірегіндегі дау басталғалы да екі айдай уақыт болып қалыпты. Даудың басы жергілікті биліктің 2011 жылдың 30 мамырында шығарған №151 бұйрығы. Яғни, аталған қаладағы №9 және 16 орыс мектептерін қазақ мектептеріне айналдыру жайлы бұйрық. Бұл мәселені біздің БАҚ бір жақты беріп жүрген жоқ па? Шынымен осындай шу көтеруге лайықты мәселе бар ма?Біз осы мәселені жазамыз деп ұлтараздық туындатып алмаймыз ба? Орыс тілді ата-аналардың сөзіне қазақ тілді ата-аналар не айтар екен?! Осы сұрақтарды анықтау үшін Теміртау қаласына ат басын бұрдық.
(more…)

Маусым 21, 2011

Айнаштың байының аяғы…

Filed under: Қисық қалам... — Abilakim @ 6:04 am
Tags: , , ,

Айнаш пен Майраштың жас шамалары бір. Бір үйдің бір подъезінде бір қабатында тұрады. Күн ұзақ әңгімелессе де әңгімелері бір таусылған емес. Күйеулері жұмысқа кеткенде бірде ана үйде, бірде мына үйде әңгіменің тиегін ағытатын. Әрненің басын шалып отырған осындай бір күні Айнаш: Менің күйеуімнің аяғы бір жылымайды ғой. Үнемі солай-демесі бар ма.
Күндер өтіп жатты. Бірде Майраштың күйеуі жұмыстан түн ортасынан ауа келді. көрпені көтеріп жата бергенде аяғы келіншегінің балтырына тиіп кетті.
-Тартшы аяғыңды, Айнаштың байының аяғы құсатпай… Суғағын-ай…

ПыСы: Бір отбасының ажырасу тарихы осылайша екі қатынның шай үстіндегі әңгімесінен бастау алған болатын

Циклоп

Filed under: Оқи салыңыз — Abilakim @ 3:59 am

Оның бір көзі жоқ болатын.Әйелінің де. Балалары осы жайтқа қатты күйзелетін. Неге біздің әке-шешеміздің бір көздері жоқ деп ойлайтын. Мүмкін бір-бір көздерін бізге берген шығар, содан біздің де көзіміз біреу ғана шығар деп ойға бататын кішкентай циклоп ұл мен циклоп қыз.

Маусым 17, 2011

Құлаққап сыртындағы әуен…

Иә, қазақтың қыздарының ішкі әдемілігі жоғала бастағандай.Ол жоғалса сыртқы әдеміліктің қоса жоғалатыны сөзсіз. Кеше мен мынандай жайттың куәсі болдым. Аттуыстың артқы жағында отырдым. Жанымдағы бос орынға құлағына құлаққап киген әдеміше қыз жайғасты.Жанындағы құрбысына орын берейін дедім де сағыз шайнасына жыным ұстап сазарып отыра бердім. Әлгі екі қыз айналасындағылармен істері жоқ.Музыкалары құлаққапты жарып жібере жаздап, біздерге де естіледі. Құдай-ау даң-дұң әуен.Бірде бір сөзі жоқ.Ұрып тұрған музыка. Жұмыстан ептеп шаршаңқырап қайтып келе жатқан соң “Қарындас жайырақ қойыңызшы андағы музыкаңды” дедім. Ол маған бағжиып,«Бұл қоғамдық көлік, ұнамаса таксимен жүр» деді, сөйтті де құрбысына «Мына кісіге ерегіскенде соңына дейін барайық, біздің музыка ұнамай отыр» демесі бар ма? Қызға тән қылық қалмапты. Менен басқалардыңда алакөздеп отырғандарында шаруасы жоқ. Папкамда «Халық сөзі» газеті бар еді. Соңғы нөмерін үйде оқырмын деп алған ем. Соны шығардым. “Қарындас, мен газет оқиын сіз бір шетінен ұстап отырыңызшы” деп өтіндім әлгі қыздың бір құлағындағы пәлесін жұлып алып.
-Не үшін мен ұстауым керек, оқысаң өзің оқы…
-Олай болса мен не үшін сенің музыкаңды тыңдауым керек, тыңдасаң өзің тыңдасаңшы.
Құрбысы сағызын шарт еткізіп үріп жіберді. Менің сөзім ұнамай қалған болу керек…

Маусым 9, 2011

Ұлытаудың ұланы…

Думан емес, той емес өткен өмір
Жете бермес үнемі көкке көңіл
Бар пәлені басқаға арта бермей
Бір мезгіл өзіңді өзің жек көре біл
Мейлі саған шаттығын қисын өмір
Елтігендей бейне бір исіне гүл
Бар жақсына басқаға тели бермей
Бір мезгіл өз-өзіңе сүйсіне біл-
- деп жырлаған Жүрсін Ерманды білмейтін қазақ кемде-кем. (more…)

Маусым 7, 2011

Ұқсамасаң тумағыр….

Filed under: Оқи салыңыз — Abilakim @ 5:37 am
Tags: , , ,

Баяғыда… баяғыда болғанда менің 3-4 жасар кезім.Балқаш жаққа тұрмысқа шыққан әпкеміздің дүниесін апармақшы болды әжеміз. Бес жасыма дейін әжемнің қасында жатқан мен қала қоймадым. Дәм айдап Балқаштан бірақ шықтым. Әпкеміз шай ішешің бе, кофе ішесің бе деп сұрады әжемнен.Ол кісі ауылдың адамы ғой шай ішті. Кофені естіп алған мен «кофе ішем» деп саңқ әлде маңқ ете қалдым. Содан кофем келді. Қарасам шайға ұқсайды. Мынау кофе емес,ішпейм деп қырсығып жатып алдым.Сондағыма қазір күлкім келеді. Кофені қалай елестеткенімді білі алмадым.
Содан қаланың әжетханасына отырмаймын деп бүлікті салдым-ай. Ақыры әжем үйдің артындағы талдардың арасына апарды. Ал, кеп рақаттанайын, ал кеп, тыша… сол жерде.
Жақында менің туған шешем, ұлымның әжесі тағы сол Балқашқа барды. Тағы сол әпкемнің үйіне)))(Балқашта қазір біздің Жақыповтар көп). Немересімен, үшке кеп қалған. Енді сол қу қиғылықты салыпты. Далаға отырам, далаға отырам деп)))))
Ұқсастық, Балқаш, әпке, Ринат

Маусым 6, 2011

БҰТ-қа арнау (бірыңғай ұлттық тест)

Filed under: Оқи салыңыз — Abilakim @ 4:16 am
Tags: , ,

Иә, заман өзгерді
ҰБТ-ны көз көрді
Телміртті баланы
Тілектес көздерді

Біреулер жылады
Біреулер қуанды
Біреулер жуады
Ал, біреулер…
жіпке ілініп тұрады

Түсе алмай таңдаған салаға
Не дейін жылаған балаға?
Обалы жеткіншек гүлдердің
Ан жақта отырған апа мен ағаға!

Маусым 1, 2011

Акция

Filed under: Қисық қалам... — Abilakim @ 4:14 am
Tags: , , ,

Күрк-күрк жөтеліне тырп-тырп еткен гәлөшінің дыбысын қоса ерткен түнгі сұлба қызыл киоскінің кішкене терезесін қақты.
-Не керек?-іштен шыққан дауыстың иесі не қатын дауысты еркек, не болмаса еркек дауысты қатын екенін айыру қиын еді…
-Прима синний…
-Бүгін темекі сатпаймыз,-қатын екен.
-Неге, арақ бітті десең сенуге болады…
-Бүгін дүниежүзілік темекіге қарсы күн екен.Баған радиодан айтып жатыр.Мен де өзімше үлесімді қосып жатырмын…
Күрк-күрк, тырп-тырп…

Келесі бет

Theme: Rubric. WordPress.com-дағы блог.

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.