Windows 10 дисководыңызды көрмесе…

Standard

Жақында Windows 7 жүйемді 10-шы нұсқасына жаңарттым. «Жұрттан қалмайыншы» деген желеумен емес, төменгі жақтан күнде шыға беретін «Жаңартыңыз» деген аңдатпадан жалығып кеттім.

Windows 7-ге әбден үйреніп қалған едім. 8-ші нұсқасын аз уақыт пайдаланып, ұнамаған соң баяғы «Жетілікке» қайтып келген едім. «Ондық» «Сегіздікке» қарағанда түсінікті екен. Сондықтан да осы нұсқасын әрі қарай пайдалана бермекпін.1446205149_wip_windows10_laptop

Әрі қарай оқу

Қарағандының интернет провайдерлеріне шолу

Standard

Қазіргі өмірімізді ғаламторсыз елестету қиын болып бара жатыр. Кезінде арналарды кабель арқылы көрсету басталған тұста түрлі компаниялар өзіндік ерекшеліктерімен осы нарықты жаулауды бастаған. Дәл қазір қалаларда интернет провайдерлер арасында «соғыс» жүріп жатыр. Біздің бүгінгі шолу Қарағанды қаласындағы провайдерлер жайлы болмақ. Әрі қарай оқу

Иманақ

Standard

Төбелерді тау деседі біздің ел…
Табыл Досымов

     Иманақ

Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақтыкүңірентіп елеңдетіп,
Астымда ақбоз атым сылаң қағып,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп-деп Сәкен Сейфуллин ән салған тау сілемдері қай жерде? Ол таудың атының тарихи оқиғасы бар ма? Міне, осы сұрақтарға жауап беруге тырысайын.
Біздің арқа жұрты басқа аймақтарға барып биік тауларымен мақтана алмасы анық. Оның ішінде мен туып-өскен Жаңаарқа ауданың бұл жағынан мақтанатын жөні жоқ. Дегенмен, «Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне» демекші біз де өзіміздің адырларымызды, жоталарымызды «тау» деп әспеттеп жатамыз.
a8bf80904a_1000Сөз басында атап өткен, Сәкен серінің ән салған тауына қайта ойыссақ. Бұдыр-бұдыр бұл жоталарды, тау сілемдерін Иманақ дейді халық. Бала кезімізде бұл атаудың не үшін қойылғанына қатты мән бермеген екенбіз. «Иманақ-Лимонад» деп жырқ-жырқ күліп, өзіміздің тапқырлығымызға мәз болып жүгіре беріппіз. Сол кездерде ауылымызда соғысты көзімен көрген, даланың дархан шалдары көп еді. Соның бірінен «Ата, мына таудың атын неге Иманақ деп атаған» деп сұрамағаныма қазір ұяламын. «Ақырзаманның балалары» болғанның бір зияны осы екен. Дегенмен, кейін нағашымның әңгімелерінен бұның да тарихын біліп алдым. Мырзашев Байдаулет атты ұлы нағашым Жаңаарқа маңайына белгілі кісі. Ол кісінің айтуынша бұл оқиға Асан Жұмаділдиннің кітабында кеңінен таратыла айтылған. Сол кісінің аузынан шыққан әңгімеге кезек берсек… Әрі қарай оқу

Меценант

Standard

Меценанттықпен айналысып жүрмін. Ақшам өз отбасыма, анау-мынауыма әрең жетіп жүрсе де мынабір дәріханаға ақша құйып кеттім.

Біздің қалада ғана ма, әлде бәрінде осылай ма? » Цветная»деген дәріханалар желісі бар. Көбіне емхана,аурухана маңында, 50 қадамдай жерде орналасқан. Қолыңа ұзын-сонар дәрілер тізімін алып, ұзын кезектің соңына тұра қаласың. Ауырып тұрған соң басқа дәріханаға баруға ерінесің. Мынадан ала саласың. Бағалары басқа дәріханаларға қарағанда қымбат. Айырмашылық 5-10 теңге емес, 200-300тг дейін кетеді.
Артында кім бар екенін…

1907551_773449666072135_20736759177674949_n

«Құрманжан Датқа»немесе бір сәтке өзіңді қырғыз сезіну

Standard

«Құрманжан Датқаны» көрдім. Тамсандым. Тамсанатыным, Тәуелсіздік алғалы айқайы өздерінен бұрын жер жарған екі тарихи фильм шығарыппыз. «Көшпенділер» және «Жаужүрек мың бала». Екеуі де қырғыздардың киносының ширегіне татымайды. Бюджеттерін салыстырмай-ақ қоялық. Иә, қырғыздар өзара екіге бөлініп, бұл фильмды «алай» деп немесе» бұлай» деп талқылап та жатқан болар. Кинотуынды болған соң қосып жіберетін жерлер болады. Көрсетілмей қалатын жерлер де болады…Бәрінің көңілінен шығу мүмкін емес. Кейбір тарихи тұлғалар қалыс қалып, кейбіреулері басқаша бейнеде көрініп қалуы мүмкін… Хош,
«Қазақ-қырғыз бір туған» дейміз. Қос ұлттың өкілдері де көшпенді елдің ұрпағы болғандықтан, тұрмыс-тіршілігіміз қырғыздардікінен қатты алшақ бола қойған жоқ шығар. Маған киноның көп тұстары ұнады. Мылжың диалогтардан көрі үнсіздікпен, кейіпкерлердің бет-бейнесімен, көзқарасымен көп нәрсені аңғартқан. Яғни, сөзден іске. Операторлардың жұмысына «бес» деген баға қою керек шығар. «Жаужүрек мың балада» кездесетін массовка олқылығы көршілеріміздің бұл туындысында айналып өтпеген екен. Дегенмен, киноның басқа басымдылығы секундтар жылжыған кезде өздігінен ұмытылып кетіп отырады.

* Қыздың бұрымын кесу арын аяққа таптау екенін, еркектің намысын қорлау екенін тамаша келтірген. Әрі қарай оқу

Түсіңе досың кірсе…

Standard

Түні бойы ұйықтай алмай шықтым. Түсіме қайтыс болған кластасым кіре берді. Құран оқытамын-ау деймін…Марқұмға құран бағыштайтын да ешкім жоқ шығар…
10-11ді Балқашта оқыдым. Класта есімі бірдей екі бала болды. Бірін «Ұзын Алмас», екіншісін «Карибаев Алмас» дейтінбіз. «Біздің атымыз бірдей емес. Мен Алмазбын, анау Карибаевтарың Алмас» деп ұзыны дауласушы еді. Ұзынымен қатты араласып кеткенім шамалы. Кәрібаев екеуміз Балқаштың бір шетіндегі жер үйлер жағында бір маңайда тұрдық. Екеуміздің қызығушылығымыз, біраз ұқсастығымыз бартын. Алмас футбол десе жанын беретін. Көшеде футбол ойнағанда бір-бірімізбен ойынымыз үйлесіп жататын. Алма қайтыс болғаннан кейін ешкіммен де футболды сәтті ойнай алмадым. Келе-келе ойнауды мүлде қойып кеттім. Осы футболқұмарлығымыз арамызды ашып жібере жаздады. Бірақ, қалай екенін білмеймін, қайта достасып кеттік. Бала кезде адам кекті қатты көп сақтамайды екен ғой қазір қарап отырсам… Бір күні Сәкен Сейфуллин атындағы қалалық кітапханадан Несіп Жүнісбайұлының «Мексикадағы футбол тойы» деген кітабын алдым. Жата-жастана оқыдым. Алмас екеуміз атақты футболшылардың суретіне қарап, ағамыздың әдемілеп жеткізген әңгімесінен олардың ойынын көргендей әсер алдық. Кітапты кітапханаға Әрі қарай оқу

«Қара машина» қалай аман қалды?

Standard

Ертең еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні мерекесі. Әрине, бұны мереке деуге келсе…Тарихқа терең сүңгімей-ақ, алдымыздағы аға буын өкілдерінің кезінде ел тәуелсіздігін қалай аңсағанын барлай аламыз. Оған куә кешегі Желтоқсан көтерілісі. Дәл сол кезде іріңнің ауызы жарылды.  Жарылуы заңды еді. Желтоқсан көтерілісіне дейін жұрттың көбі өз ойларын сыртқа шығара алмайтын. Желтоқсаннан кейін шығарғандары да шамалы. Елдегі түрлі оқиғаларға бей-жай қарай алмайтын Бауыржан Үсенов атты жігіт бар еді сол кезде. Жұрт «Әмірін темір Нарком орындаған» деп әндетіп жүргенде Бауыржан «Қара машина» атты өлең жазады. Ішке сыймаған соң жазғаны бесенеден белгілі. Жылдар өтеді. Бауыржан Үсенов бұл жақтағы миссиясын ерте тәмәмдап ана жаққа кете барады. Кейін келе «Қара машинаның»  жазбаша нұсқасы еш жерден  табылмайды. Жатқа білетін бір жан жоқ. Сөйтіп жүргенде өлеңнің толық нұсқасы табылады. Тіпті, ақынның өз дауысымен оқыған нұсқасы да бар екен. Ал, ол таспа кімде? Видеоға назар салсақ

 

Қара машина Әрі қарай оқу